объявление

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №169 бұйрығымен бекітілген «Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастырудың Ережесі» негізінде институт филиалының “Қашықтықтан оқыту” технологиясы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары Ережесі жасалынып, ғылыми кеңесте бекітілді. Қашықтықтан білім беру жүйесі dis.sdo.kz, do-orleu-shimkent.kz домендарында орналасқан. Қашықтықтан білім беру Moodle бағдарламасында жасалынды.

Экспериментальды түрде эксперименталды түрде 5 тақырыппен 52 курс тыңдаушылары тіркеліп, Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы 27.10.014ж аға оқытушы Б.Матекова «Алаштану» тақырыбында, Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту кафедрасы 07.10.014ж «Мектепке дейіңгі тәрбие мен оқытуды жаңашыл технологиялармен үйлестіру: Н.Зайцев, М.Монтессори, ТРИЗ» тақырыбында аға оқытушы З.Қуанышбаева, Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы 27.10.014ж «Коммуникативтік қарым-қатынастың педагогтық-мәдени құзреттілігі» тақырыбында аға оқытушы М.Медетбекова, Басқару мен білім беру сапасы кафедрасы 07.10.014ж «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуалды оқыту жүйесін ендіру» тақырыбында аға оқытушы Н.Азбердиева, Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық -психологиялық сүйемелдеу кафедрасы 17.11.014ж «Инклюзивті білім берудегі педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу қызметін ұйымдастыру» тақырыбында аға оқытушы З.Тұрсынбаева қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша біліктілік арттыру курстарын өтті.

Курсты жүргізген институттың 20  аға оқытушысы мен бөлім мамандары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қашықтықтан оқыту: тьюторлар мектебі» арнайы курсынан өтті. Курс барысында on-line редимінде тапсырмалар ала отырып, форум, чат бөлімдерінде жеке білімін жетілдіруде әлеуметтік кең жолақты интернет желісін қолдануда.

    Доступные курсы

    Қашықтықтан оқыту жүйесінде сабақ жүргізу барысы он-лайн режимінде немесе офф-лайн режимінде өткізуге негізделген.

    «Он-лайн» режимінде оқу сабағы ақиқат уақыттағы оқу процесінің өзара әсерін қамтиды, яғни бейнеконференция, чат, телефон бойынша байланыс жасау арқылы ұйымдастырылады.

    «Офф-лайн» режимінде оқу сабағы білім беру процесі кезінде оқытушы мен білім алушы арасындағы тілдесу асинхронды түрде өтеді (электрондық пошта, кейіннен аралық немесе қорытынды бақылау тапсыруымен, тьютордың  тапсырмасы бойынша білім алушының оқулық бойынша жұмысы және т.б.).

    «MOODLE» - курсты басқару жүйесі (CMS) ашық түрдегі қолжетімділік бағдарлама, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға бағытталған, тыңдаушы мен тьютор* арасындағы бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыруға арналған пакет.

    Тьютор (Tutor) – оқу материалын игеруге бақылау жасауды жүзеге асыратын қашықтықтан білім беру технологияларының оқытушы-консультанты.