Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы

кафедра туралы

Кафедра туралы мәлімет

Мақсаты : Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес пән мұғалімдерінің білімін көтеруге арналған бағдарламаларды жүзеге асыру.Педагог мамандардың теориялық және әдістемелік шеберлігін жетілдіру.

 

Міндеті:

 

-Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, ғылыми жұмыспен айналысуын жүзеге асыру. Озат жаңашыл мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін оқып үйренуді, қорытуды және таратуды, жас мұғалімдерге педагогикалық шеберлікті меңгеруге көмек көрсету.

-Оқытудың жетекші түрлерін, білімді бекітудің тиімді жолдарын, практикалық, зертханалық, семинар және өзбетінше сабақтарын жандандыруға, мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмысына, кәсіптік біліктілігін арттыруға, ғылыми-тақырыптық жобалау жұмыстарына бағыт-бағдар жасайды.

 

Негізгі жұмыс:

Үздік педагогикалық білім беру жүйесіне сәйкес пән мұғалімдерінің  кәсіби біліктілігін, шеберлігін арттыру  және оқытудың озық педагогикалық технологияларын, ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалана отырып, курста өтетін сабақтардың сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету мен мұғалімнің кәсіби құзырлығын қалыптастыруға байланысты міндеттерді шешуге бағдарланған.

Кафедрамен байланысу

Кафедра меңгерушісі — Мұсабеков Маулен Өмірзақұлы

Кабинет нөмірі —  2 қабат,34 кабинет

Электронды почтасы —  mmo.66@mail.ru

Жұмыс уақыты —  Дүйсенбі-Жұма  8:00-18:00

Кафедра мүшелері

оқытушылар құрамы