Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Сандар мен деректер

Оңтүстік Қазақстандық институт – еліміздегі тарихы терең білім ордаларының бірі. Бүгінде «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының құрамдас бөлігі  бола тұра білім берудің  негізгі даму тенденцияларын зерделеу және зерттеу бойынша ғылыми-білім беру, әдістемелік орталық ретінде  қосымша білім беруді ұйымдастырудың өзіндік авторлық моделін  нақты құрылымдады. Сонымен қатар институттың жүзеге асырып жатқан біліктілікті арттыру жүйесі жаңа моделінің басты компоненттерінің бірі – білімін жетілдіру курстарының тиімділігі мен сапасын үздіксіз қадағалау және бағалау болып табылады.

Шымкент қаласы бойынша – 142 мектеп

Түркістан облысы бойынша – 889 мектеп

Жалпы мұғалімдер саны – 60100-ден астам

Оқушылар саны – 531800-ден астам

Біліктілікті арттыру курсымен 2018 жылы – 12050 тыңдаушы қамтылған

Оның ішінде,

Жаңартылған бағдарлама бойынша – 331 курс (8926 тыңдаушы)

Қысқа мерзімді – 121 курс (3074 тыңдаушы)

Өзін-өзі тану – 2 курс (50 тыңдаушы)

Робототехника – 275 тыңдаушы

Blended Learning (аралас оқыту) – 265 тыңдаушы

Оқу процесінің сапасын анықтайтын маңызды компонент біздің институттың профессорлық-оқытушылар құрамы болып табылады, ал бұл: профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары, магистрлер, әртүрлі бағдарламалар бойынша сертификатталған оқытушылар мен тренерлер.

Институт қызметкерлерінің үкіметтік,

республикалық марапаттаулары – 77

Өзіндік білімін арттыру (сертификаттар) — 231

Мониторингтік зерттеулер бойынша біліктілікті арттыру курстары сапасының жоғары нәтижесі және рейтингтік көрсеткіштердің динамикасының өсуі байқалады.

Курстар рейтингісі – 9,91

Курстарды ресурстық қамтамасыз ету– 9,99

Тыңдаушылардың оқу жетістіктері – 9,89

Біздің филиалымыздың негізгі міндеттерінің бірі – курс барысында және курсаралық кезеңде мұғалімнің кәсіби дамуын ұйымдастыру және қолдау. Инновациялық тәжірибені тарату кең ауқымды іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады, олардың көпшілігі сандық форматта өткізілгендіктен, бұл қатысушылар санының және географиясының едәуір көбеюіне ықпал етеді.

Республикалық конференция, семинарлар – 6

Облыстық – 30

Дөңгелек үстел – 19

Байқау — 7

Түрлі іс-шаралар — 55

Қатысушылар саны – 10000-нан астам

Филиал оқытушылары, курсқа келген тыңдаушылары үшін кітапхана жұмыс жасайды:

Кітапхана қоры – 23656

Оқырмандар саны – 2000-нан астам

Газет, журналдарға жазылым – 21

Филиал қызметкерлерінің активінде ғылыми жарияланымдар, халықаралық, республикалық ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларға қатысулар бар.

Халықаралық басылымдар – 128

Республикалық – 278

Облыстық – 66

Импакт-фактор – 12

Әлеуметтік желісіндегі «Өрлеу Шымкент» парақшасына  http://www.orleu-uko.kz сайтының жаңалықтар жолағында жарияланған мәліметтер  енгізілуде.

Facebook желісінде – 860 астам қолданушы

Instagram парақшасында – 1150 астап қолданушы

Педагогтардың желілік қауымдастығы – 10000-нан астам тыңдаушы