Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Жылдар сөйлейді

Институт туралы толық ақпарат

1935 жыл

1945 жыл

1948 жыл

1954 жыл

1961 жыл

1982–1986 жылдар

1986 жыл

1996 - 1999 жылдар

Институттың негізі әдістемелік орталық болып 1935 жылы білім саласының жанашыры, педагог Керім Тленшиннің басқаруымен ашылды. Орталықта алғашында 12 қызметкер жұмыс істеді. Әдістемелік орталықты ашудың басты мақсаты облыстың түрлі аудандарында, ауылдарында жұмыс істеп жүрген мектеп мұғалімдеріне білім саласында болып жатқан түрлі өзгерістерді меңгерту, сабаұ жүргізудің тиімді жолдарын көрсету арқылы әдістемелік көмек беру беру болды.

1945 жылы директоры болып Ищанов Кәрім басқарды. Онда 12-ақ қызметкер жұмыс атқарды.

1948 жылы бұл Орталық облыстық мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институты статусына ие болып, директор Галямов Махсут Минирахманұлы сайланды. Қызметкерлер саны 15-ке жетті

1954 жылы институт директоры Шакиров Сардар Шакирұлы бекітіліп, 1960 жылға дейін басқарды. Институт штаты – 17 адамға артты. Қазақ, орыс және ағылшын тілдері, тарих, ауыл шаруашылығы үшін еңбек, биология пәндері бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілді.

1961 жылдан мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының директоры Тен Иван Моисеевич тағайындалып, 1982 жылға дейін басқарды. 1963 жылы 690 мұғалім біліктілікті көтеру курсынан өткізіліп, курстар 150 сағаттық бағдарламамен жұмыс істеген.

1982–1986 жылдарда институтты Шойбеков Үсен Шойбекұлы басқарды. Бұл кезде институттың штаты бойынша 35 адам жұмыс істеді. Курстан біліктілігін арттыру үшін жылына 6500 педагогтер қамтылып отырды.

1986 жылы мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының директоры Мамыраев Ергешалы тағайындалды. 1989 жылы Облыстық мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институты «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» болып қайта аталды. Осы кезде гуманитарлық, жаратылыстану – математика, педагогика және психология, социология және қоғамдық пәндері бойынша институтта кафедралар ұйымдастырылды.

1996 — 1999 жылдары педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының директоры болып Пірмат Шаруа Пірматұлы бекітілді. Ал институт штаты 86 адамға толықты.

1999 жыл

2007 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

1999 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықта ОҚҮББИ –ның директоры Бектенғалиева Сәния Хайруллақызы басқарды. Ал институт штаты 112 адамға артты. Институтта 1 Педагогика ғылымдарының кандидаты және ізденушілер – 6 адамды құрады. Негізгі бағыты – Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңын ғылыми- әдістемелік тұрғыдан іске асыру болды

2007 жылы өркендеп келе жатқан осы институт Аймақтық жаңа технологиялар орталығының құрамына еніп, Облыстық білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы болып өзгертілді. Директоры болып Кулешов Александр Николаевич тағайындалды.

2011 жылы директорлық қызметті Бақберген Қожамбердіұлы Айтбаев атқарды. Осы жылдың мамыр айында Орталық қайтадан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты болып аталды.
2011 жылдың тамыз айынан 2012 жылдың қазан айы аралығында институтқа Туғанбаев Мырзабек Ілесұлы басшылық жасады.

2012 жылы қазан айынан институт ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты болып аталды. Қазіргі таңда штат бойынша 192 адамды құрайды. Директорлық лауазымға п.ғ.д., профессор Искакова Лаура Тұрлыбекқызы тағайындалды.

2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Бірінші педагогикалық оқулары ұйымдастырылды. Республикалық кезеңге шыққан барлық жұмыстар Бірінші педагогикалық оқулар жинағында жарық көрді.

2014 жылы Үшінші (базалық) деңгейлік бағдарлама бойынша 19 оқытушы тренерлік курстан өтіп, халықаралық деңгейдегі сертификатқа ие болды.

2015 жылы 308 біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылып, оған 7700 тыңдаушы қамтылды. Мониторингтік зерттеулер бойынша біліктілікті арттыру курстарының сапасы жоғары нәтиже көрсетті – 9,6 балл

2016 жылы Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына – 25 инновациялық жоба бағыттары бойынша жұмыстар жүргізіліп, 72 категория бойынша 144 бағдарлама дайындалды.

2017 жылы «Робототехника» кабинеті, «Буккроссинг» бұрышы ашылды. Көптілді және көпмәдениетті білім беруді интеграциялау және тұрақты дамыту мақсатында «Жүйелі тәсілдерді қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбындағы халықаралық мектеп өз жұмысын өткізді. Халықаралық мектепке Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан Республикаларынан, Түркменстан, Грузия, Монголия, Молдова, Россия (Саха Республикасы), Украина, Эстония, Австралия, Италия мемлекеттерінен 100-ден астам көптілді білім беру саласындағы мәселелерімен айналысатын өкілдер қатысты.

2018 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын іске асыруда «Рухани жаңғыру — даму қағидасы» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік Blended – апталығында «Ұстаз-өзгеріс жаршысы» тақырыбында институты тренерлерінің SТЕМ сабақтар шеруі бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, математика, физика пәндері мен робототехника бойынша болып өтті.