Республикалық байқау

Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсәптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсын жариялайды.
Конкурстың мақсаты – бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.
Конкурс келесідей бағыттарды қамтиды:
– мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи технологиялар;
– орта білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар;
– техникалық және кәсіптік оқытудағы заманауи технологиялар;
– жоғары білімді оқытудағы заманауи технологиялар;
– қосымша білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар.
Конкурстың тілі:
Қазақ, орыс, ағылшын.
Бейнематериалдың түрі:
– дәріс;
– сабақ;
– ашық сабақ;
– практикалық/лабораториялық жұмыс;
– семинар.
Конкурсқа қатысу тәртібі:
  • Конкурсқа ведомстволық бағыныстылығына, меншік түрі мен нысанына қарамастан жиырма екі аталым бойынша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатыса алады.
  • Конкурсқа педагогтер жеке дара, сондай-ақ шығаршылық ұйымдар арқылы қатысуға құқылы.
  • Конкурсқа қатысушылар беретін бейне материалдар саны шектелмейді. Әрбір бейне материалға Конкурсқа қатысу өтінімін толтыру қажет.
  • Конкурсқа қатысуға бұрын жарияланбаған, басқа конкурстарға қатыспаған, интернет желісіне орналастырылмаған бейне материалдар жіберіледі.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
  • 1 кезең – Өңірлік
  • 2 кезең – Республикалық
Конкурстың Республикалық кезеңінің жүлде қоры:
Жүлделі орындар үшін ақшалай сыйақылар қарастырылған. Жүлделі орындар әрбір тақырыптық бағыттар үшін анықталады (1,2,3 орындар жиырма екі аталымға берілетін болады).
Конкурсқа қатысу мәселесі бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ хабарласыңыз.  Байланыс телефондары: Садиков Бахыт 87012305859, Нарметова Дильдар 87758334234. Байқауға қатысу өтінімін bakit_74@bk.ru электрондық адресіне жолданады.
«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсы туралы Ереже және конкурсқа қатысу өтінімінің үлгісі қосымша беріледі. Ереже сілтемесі: EREJE KAZ