Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Институт тарихы

Институт туралы толық ақпарат

Институт директорлары

1935 ж. – Тленшин Керім

1945 ж. —  Ищанов Кәрім

1948 ж. — Галямов Махсут Минирахманұлы

1949-1950 ж.ж. – Айдаров Байлар

1950-1951 ж.ж. – Бахитов Юсуф

Толық оқу

Жылдар сөйлейді

Институттың негізі әдістемелік орталық болып 1935 жылы білім саласының жанашыры, педагог Керім Тленшиннің басқаруымен ашылды.Орталық мақсаты аудандарда, ауылдарда жұмыс істеп жүрген мектеп мұғалімдеріне сабақ жүргізудің тиімді жолдарын көрсету арқылы әдістемелік көмек беру беру болды.

Толық оқу

Сандар мен деректер

Шымкент қаласы бойынша – 142 мектеп

Түркістан облысы бойынша – 889 мектеп

Жалпы мұғалімдер саны – 60100-ден астам

Оқушылар саны – 531800-ден астам

Толық оқу

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Назарбаев

«Педагогтер құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс»
Институттың құрметті қонақтары!

Шаханов Мухтар – ақын, жазушы, саясаткер
Далай-лама — Тибет және Тибет шіркеуінің Жоғарғы Басшысы.
Амонашвили Шалва Александрович – педагог және психолог, академик (Ресей, Грузия)
Савенков Александр Ильич – педагогика ғылымдарының докторы, педагогикалық университетінің профессоры, Мәскеу қ.
Калыбекова Асма Ахметовна – Халықаралық психология ғылымдары академиясының академигі
Стоянова Татьяна – Аз ұлттар мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссарының сарапшысы.

Үздік марапаттаулар

Искакова Лаура Тұрлыбекқызы, институт директоры – «ОҚО дамуына қосқан үлесі үшін» медалі
Ергешбаева Шынар Нәлқожақызы — «Ы. Алтынсарин» атындағы төсбелгісі
Ақтаев Мұхтар Бексұлтанұлы — ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы

Үздік жобалар

Филиалдың және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін дамудың кластерлік моделіне көшіруге әзірлеу» бірлескен зерттеу жобасы  гранттық қаржыландыру конкурсында жеңімпаз атанды. Зерттеу тобының мүшелері: филиал директоры Искакова Л.Т., п.ғ.д., профессор және директордың орынбасары Ергешбаева Ш.Х., п.ғ.к.

Ең ірі іс-шаралар

«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының өңірлік кезеңінде 4 басым бағыт бойынша байқауға қатысушылар санынан 385 өтінім түсіп,  274 бейнематериал жұмыстары қаралды, сараптамалық кеңестің бағалау қорытындысы бойынш 63 жеңімпаз анықталып, үш номинация бойынша 17 қатысушылар марапатталды

Қысқаша мәлімет

Түркістан облысы және Шымкент қаласы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты республикамыздағы тарихы терең білім ордаларының бірі. Бүгінгі таңда – бұл аймақтық білім беру жүйесінің негізгі үрдістерін зерделейтін және талдайтын ғылыми-оқыту, әдіснамалық және әдістемелік орталықта ғылыми дәрежелі профессорлар, доценттер, ғылым кандидаттар, магистрлер, халықаралық деңгейдегі тренерлер табысты қызмет етуде.

Институт Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің сапасын жетілдіруін әлемдік озық тәжірибе негізінде жаңа форматта жүзеге асыруда. Заман талабына сай педагог кадрлардың біліктілігін арттыру  жүйесіне өзгертулер енгізіліп, білімді дамытудың қазіргі заманға лайықты және келешекте сұраныстарына толық жауап беретін педагогтердің кәсіби құзыреттілігі мен біліктілігін арттырудың тиімді моделі құрылды. Институтта 5 кафедра жұмыс істеуде. Институт қызметкерлері Сингапур, Ұлыбритания, Австралия, Ресей, Корея, Австрия, Франция сынды дамыған елдерде әлемдік озық тәжірибелермен танысу әрі алмасу мақсатында іс-сапарларда болды.