Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Астана күні құтты болсын!

«Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі», елордамыз Нұр-Сұлтанның туған күні. Бүгінгі таңда елдің төрі — елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Нұр — Сұлтан — қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі. Сарыарқа төсінде қоныс тепкен алып шаһарда әлем елдерінің көшбасшылары бас қосып, пікір алмасады, тарихи маңызы зор шешімдерді қабылдайды. Елдің мақтанышы саналатын көкке ұмтылған бірегей, зәулім ғимараттар жүрегімізді тебірентеді, мерейімізді тасытады. Елорданың заманауи келбетіне шетелдік қонақтар таңданыспен қарайды. Нұр — Сұлтан ТМД бойынша ең қолайлы, ғажайып қала ретінде танылды. Бұл біздің ортақ жетістігіміз. Жарқын қаламыз одан әрі өркендей берсін, біз ол үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Қуанышқа толы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.