Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Мектеп жасына дейінгі балалар агрессиясы және оны психологиялық түзету» тақырыбындағы мектепке дейінгі психологтарға арналған қалалық семинар-тренинг

Балалармен жұмыс істеудегі басты проблемалардың бірі — психикалық денсаулықты сақтау. Бұл үшін оң және теріс эмоциялардың теңгерімі қажет және нәтиже ретінде эмоционалды теңгерім сақталады.

Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасағанда дене жаттығуларын пайдалану өте маңызды. Баланың эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыру үшін оның денесін және эмоцияларын басқаруға үйрету маңызды.   Тренинг барысында қатысушылар бұлшықет шиеленісінен құтылу дағдыларын меңгерді, соның салдарынан стресстік жағдайлар әсерінің күші азаяды.

Релаксация ойындары — белгілі бір сюжетке негізделген эмоционалды және физикалық стрестен арылту үшін балалармен жұмыс жасаудың бір түрі. Нәтижесінде  қатысушылар семинар-тренингтің маңыздылығы   үшін алғысын білдірді.

   «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық

 сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы

Турсынбаева Зульфия Патаевна