Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Аймақтық эксперттік мектеп

2019 жылдың 1-5шілде аралығында Кырғызстан Республикасында «Көптілді жəне көпмəдениеттілікте  интеграциялау жəне тұрақтылықты дамыту»  атты аймақтық эксперттік мектеп өз жұмысын бастады. Аймақтық мектептің ашылуында ОБСЕ офис бағдарламасының   басшысы, елші Пьер Фон Аркс , ВКНМ., ОБСЕ ОАББ мəселелер бойынша эксперті Т.Стоянова,  Орта Азия елдеріндегі аймақтық менеджері Г.Саирова, Өрлеу АҚФ БАҰО Алматы қаласы бойынша ПҚБА институты директоры Р.Садвакасова, Өрлеу АҚФ БАҰО Түркістан облысы жəне Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институты қызметкері М.Мусаева, сонымен қатар пилоттық мектеп қызметкерлері қатысты. Барлығы Қазақстан, Қырғызстан,  Тәжікстан, Эстония  жəне ОБСЕ өкілдерін қоса алғанда 52 қатысушы. Іс-шара  барысында 11 секция жұмыс атқара отырып, көптілді жəне көпмəдениеттілікте  интеграциялауды  сапалы түрде енгізу жəне дамыту  мақсатында  ресурстық материалдар дайындалды.

Аймақтық эксперттік  мектеп соңында қатысушыларға халықаралық дəрежедегі сертификат берілді.

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауышты оқыту»

кафедрасының аға оқытушысы –М.Мусаева