Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Латын әліпбиіне көшу — уақыт талабы» тақырыбында дөңгелек үстел

Қоғамда өздерін көрсете алатын  және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін  патриот ұрпақ тәрбиелеу мақсатында, Шымкент қаласы №38 Н.Оңдасынов атындағы  мектеп-гиназия базасында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Қоғамда өздерін көрсете алатын  және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін  патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Дөңгелек үстелде қарастырылған мәселелер:

Дөңгелек үстелді алғы сөзбен  «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»  кафедрасының аға оқытушысы, тренер Н.Утеева бастады. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жыл­ға  дейін  латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.

Бүгін біздің сыныпта да бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз.

Ендеше алғашқы талқылайтын сұрақтармен таныс болыңыздар.

І  Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары:

  1. Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?
  2. Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?

Осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітсек:…

ІІ Латын әліпбиін үйренудің жолдары:

  1. Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?
  2. Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің.

ІІІ Латын әліпбиіне көшудің тиімсіз тұстары:

  1. Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін?
  2. Латын әліпбиіне көшсек, неден ұтыламыз?

ІІІ Қорытынды бөлім. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»

Көрермен не дейді?..

ІҮ Рефлексия. «Дауыс беру»

Оң жақ: қолдаймыз (ақ) 25 қолдады

Сол жақ: қолдамаймыз  (қара) 5

1-Абдибекова Сауле  (тарихшы): Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне  көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі  айтылып келеді.

2-Адилбеков Нурланхан «Латын алфавитіне көшу — заман талабы» — деп ойлаймын. Себебі әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі қандай болса да этнос үшін өте маңызды.

3-Шохатова Карашаш: Қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес. Солардың ішінде  латын әліпбиін дүние жүзі елдерінің көбісі қолданатыны деректерден белгілі. Латын әліпбиі бізге таңсық емес, себебі ол біздің қоғамға әлдеқашан еніп кеткен. Оны еліміздегі кез- келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі.

4-Жаркинбаева Хадиша: Латын әліпбиіне кіру- әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет. Бұл басқасын айтпағанда, түркі халықтарына ортақ әріп. Сонымен қатар, әріп қолданысы қазақ тілінің фонетикасына үйлесімдірек болып табылады. Біз, әлемдік ғылым мен технологияны, экономиканы игеру үшін ағылшын тілін үйреніп келеміз. Латын әліппесі сол тілді игеруге негіз, тиімді алғышарт болары сөзсіз.

Латын əліпбиіне көшу–ол,  өз əліпбиімізіге оралу, нақтырақ айтқанда түрік əлеміне, тіліне оралу деп түсінемін, сондықтан   тез арада көшуіміз кажет деген пікірдемін.

 

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Утеева Н.