Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы ынтымақтастығы»

2019 жылдың 05 маусымында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО ПҚБАИ, «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Танирбергенова Айгерим Серикбаевна Шымкент қаласына қарасты №62 «Ботақан» балабақша базасында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған курс тыңдаушыларына курс барысында «Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы ынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процесіне тарту.

Дөңгелек үстел барысында өлкеміздің түкпір-түкпірінен жиналған әріптестеріміз, бала мен отбасын кешенді сүйемелдеудегі өзекті мәселелер бойынша, білім мен тәрбие саласында өздерінің көкейінде жүрген мектеп, ата-ана, оқушы арасындағы байланысы жөнінде түрліше ой-пікірлерін ортаға салып, пікір алмасты.

Сонымен қатар баланың қоршаған ортадағы бағыт-бағдарын кеңейту қоғамдық өмір туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыстардың міндеттері айқындалып көрсетілді.

Нәтижесінде тәрбиеші-педагогтар мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мәселелерін жан-жақты талқылап,  озық тәжірибелерімен алмасты.

 

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру»

кафедрасының аға оқытушысы А.Танирбергенова