Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Мектептің білім беру ортасында психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері, критерийлері, құрлымдық моделі»

Филиал базасында институттың аға оқытушысы Г.Имашеваның ұйымдастыруымен  «Мектептің білім беру ортасында психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері, критерийлері, оның құрлымдық моделі» тақырыбындағы шебер сынып өткізілді.

Инновациялар мен технологияларды, соның ішінде білім беру технологияларын дамытудың прогрессивті әлемінде жаңалықтарды енгізумен байланысты білім беру процесі жиі қарастырылады. Осындай жаңашылдықтардың бірі оқу үдерісіне білім беру ортасының қауіпсіздігі ұғымын енгізу болып табылады. Білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғылыми зерттеулер мен әлеуметтік практиканың жаңа дербес бағыты болып табылады, ол білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігін құру жолдарын іздеуге, білім беру субъектілерінің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, өйткені қауіпсіздік қазіргі адамның тіршілік әрекетінің маңызды параметрлерінің бірі болып табылады.

Білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігін педагогтар ұжымы қамтамасыз етуі тиіс. Психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқу ұжымындағы қолайлы психологиялық климат басым бағыт болуы тиіс. Осыған орай шебер сынып барысында білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі критерийлеріне тоқталып,  принциптері мен оның құрлымдық моделі сипатталды.

Жұмыстың аяқталу барысында тыңдаушылар аға оқытушы Имашева Гульнара Туткабаевнаға  және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына өздерінің алғыстарын білдірді.

 

«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу » кафедрасы