Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» дәстүрлі республикалық байқауы жарияланды

Ұстаз өз ұлағаттылығы мен кәсібилігінің шыңын бағалау үшін қоғамда жан-жақты танымал болуы шарт. Сондықтан да «ӨРЛЕУ» Сізге шебер-педагог ретінде барынша өзіңізді танымал етіп, шығармашылық ойлауды, педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейін, зерттеу батылдығын көрсетуге және білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазіргі заманғы оқыту технологиялары мен әдістемесін қолдану тәжірибеңізбен бөлісуге мүмкіндік береді.

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» Республикалық байқауын жариялайды.

Байқау мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары, қосымша білім берудегі заманауи технологиялар бағыттарын қамтиды.

Құрметті әріптестер!

Жыл сайынғы дәстүрлі байқауға қатысуға шақырамыз. Байқауға қатысу мәселесі бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтына хабарласыңыз.

Байқауды өткізу ережесі институттың http://www.orleu-uko.kz сайтында жарияланады.

 

Ұйымдастыру алқасы