Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі білім сапасын көтерудің факторы

          2019 жылдың 16 мамыры күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ  2019 жылдың операциялық жоспарына сәйкес «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі — оқу мен оқытудың тиімділігін арттыру негізі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция ұйымдастырылды.

Конференция мақсаты: сапалы білім берудің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда педагогтердың кәсіби құзыреттілігін дамыту, ҚР тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы идеяларды іске асыру аясында білім беру ұйымдарының педагогтеріне рухани ұлттық тәрбиені оқу мен оқытудың тиімділігін арттыруда сабақ үдерісінде пәнге кіріктіру жайында республика көлемінде тәжірибе алмасу.

Іс-шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының директорлары мен тренерлері, облыстық басқарма өкілдері, қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің қызметкерлері, ЖОО, колледждің профессор-оқытушылары, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері  қатысты.  Республика бойынша 11 филиалдың  ПОҚ мен Түркістан облысы Шымкент қаласы бойынша 200-ден астам педагог онлайн режимде қатысты. Жалпы 250 педагог қызметкер қатысты.

Конференция барысында қатысушылар сапалы білім берудің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы идеяларды іске асыру аясында білім беру ұйымдарының педагогтеріне рухани ұлттық тәрбиені оқу мен оқытудың тиімділігін арттыруда сабақ үдерісінде пәнге кіріктіру жайында республика көлемінде өздерінің тың ойлары мен тәжірибелерімен бөлісті.

«Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ директорының инновациялық білім беру жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Ахтаев М.Б конференцияны ашып,қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонынмен қатар, іс-шараның негізгі мақсатына сәйкес өз ойын «Отандық білім беруді  жетілдірудің басымдықтары» тақырыбындағы баяндамасымен жеткізді. Мұхтар Бексұлтанұлы нәтижеге бағытталған сапалы білім беруде мұғалімнің кәсіби дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға, кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігін жетілдіру арқылы олардың кәсіби құзіреттілігін және кәсіби шеберлігін қалыптастыруда педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру жайлы  өзекті мәселелерге тереңінен тоқталды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Атырау облысы бойынша ПҚБАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технология» кафедрасының аға оқытушысы Балапанова. Ж.Т «Жаңартылған білім беру бағдарламасының мәні» тақырыбындағы баяндамасымен бөлісті. Ж.Балапанова баяндамасында жаңартылған білім беру бағдарламасын меңгертуде ұлттық құндылықтарды   білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасаудың маңыздылығы жайлы тәжірибелік ұсынымдар ұсынды. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Қызылорда облысы бойынша ПҚБАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к., Ешимова Ұ.З «Физика пәні мұғалімдерінің құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында сапалы білім берудің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда  физика пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту аясында тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті.

        «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ мұражай ісінің бас маманы Жунусова А.Р  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асырудағы рухани тәрбиенің маңыздылығы» тақырыбындағы баяндамасында рухани ұлттық тәрбиені оқу мен оқытудың тиімділігін арттыру, өз елінің патриоттарын тәрбиелеу және өз халқының мәдениеті мен дәстүрі арқылы азаматтық ұстанымды қалыптастыру   мәселесіне тоқталып, қатысушыларға тәжірибелік ұсынымдар ұсынды.

Шымкент қаласы, №25   Т.Рыскулов атындағы  мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ермекова Қ.Т «Творчество как неотъемлемая компетенция современного педагога» тақырыбындағы баяндамасы  этномәдени материалдарды біріктіру арқылы білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептерде орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың этномәдени тәрбиесін қалыптастыруға; халықтың рухани өміріне, оның ұлттық кодтарына қызығушылығын ынталандыруға, «Мәңгілік ел» идеясын және «Рухани жаңғыру» құндылықтарын жүзеге асыруға бағытталған.

Іс-шара соңында қатысушы әріптестер конференция мақсатына сәйкес өз мамандығын терең меңгерген кәсіби құзіретті мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасауының маңыздылығы жайлы   үлкен әдістемелік-тәжірибелік көмек алып, озық педагогикалық идеялар мен ұсыныстарды жинақтады.

Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция соңында іс-шараға белсенді қатысып, тақырып аясында құнды баяндама жасаған педагогтер қатысушылардың ыстық ықыласына бөленіп, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ директоры п.ғ.д., профессор Л.Искакованың атынан алғыс хаттар мен мадақтамалармен марапатталып, сертификаттарға ие болды.

«Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедра меңгерушісі,

п.ғ.к. доцент Рахимжанова Гулфазира Козыбаевна,

аға оқытушы Арысбаева Жаркинай Асетуллаевна