Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Аймақтық оқыту семинары

2019 жылдың 15 мамыр күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының ұйымдастыруымен «3 жас пен 6 жасқа дейінгі балаларға арналған Монтессори педагогикасы» тақырыбында аймақтық оқыту семинары  өткізілді. Оған  мектепке дейінгі ұйымдардың және мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері қатысты.

Семинар барысында «Өмір жаттығулары», «Сенсорлық орталық», «Математикалық орталық»,   «Сауат ашу орталығы» орталықтары бойынша  жаттығулар  мен жұмыс түрлері көрсетілді.

«Өмір жаттығулары» орталығында балалар өздерін күтуге арналған заттар орналасқан. Бала өзі киінуге (түйме, кнопка, түйрегіштер, баулар, банттар, ілмектер) секілді заттар салынған рамкаларды пайдалана отырып) үйренеді. Ұқыпты бір нәрсені құюға, төгуге, ыдыс жууға, айна сүртуге,     киім-кешек жууға, үтікпен оны үтіктеуге, салаттар жасауға, көкөністер тазалауға, кесуге, майдалауға, жаңғақ ашуға, аяқ киім тазалауға, бір жерден екінші жерге тасымалдауға өзіне-өзі қызмет етуге үйретеді.

          «Сенсорлық орталық» бұл аймақта бала қоршаған ортаны зерттеуде өзінің сезімдерін қолдана білуге үйренеді. Осындағы материалдар арқылы өзінің көру сезімін (түрлі-түсті кестелер, көлемі мен пішінін ажыратуға арналған материалдар), сипап сезу сезімін (сипау үшін тақтайшалар, маталардың қиындыларының жиынтығы), есту сезіміне (шуылдайтын қорапшалар)  жетілдіреді. Заттардың салмағының айырмашылығын білу және есте сақтау қабілеттерін жаттықтырады.

 

          «Математикалық орталық» сенсорлық материалмен жұмыс істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз өзіне таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра бастайды. Оның үстіне математиканы үйрену табиғи жүріп отырады: себебі бала жай ғана математикамен ұласатын дайындалған ортаға бейімделеді. Математикалық дамыту орталығы санауды, қосу мен азайтуды, мағыналы сандармен жұмыс істеу үшін барлық керекті материалдардан тұрады.

          «Сауат ашу орталығы» балаға тілді алып жүруші ретінде тілді дамытуға арналған (онсыз толыққанды интеллектуалды  өсу мүмкін емес болғандықтан) тиісті материалдар қажет. Берілген орталықта  жазуға моторлық (қимылдық) дайындық, фонетикалық естудің дамуы, жазу мен оқуға үйретуі қарастырылады. Бұл жерде бала өзінің қорын кеңейтуге, әріптермен танысуға, саусағымен қиынырақ әріптерді салуға, манна жармасына сурет салуға, сондай-ақ жылжымалы алфавит арқылы сөздерді қоюға үйренеді.

Семинар тыңдаушылары өз жұмысында балаларға еркіндік бере отырып,  өз-өзін тәрбиелеуге, оқытуға, дамытуға ынталандыруға және өзіне-өзі қызмет жасау жолдарын  меңгерді.

Егенова Назгул Атаевна

 «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық

сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы