Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Көптілділік жағдайында ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел

Еліміздің қоғамдық саяси және экономикалық өміріндегі жаһандық өзгерістер білім беру жүйесінде жаңа бағдарлар туындатты. Осыған орай жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында «Көптілділік жағдайында ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында  №27 Ш.Құдайбердіұлы атындағы ЖОМ базасында  ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: жаңартылған білім беру идеясын асыру барысында көптілділікті ескере отырып оқыту және өзара тәжірибе алмасу.

Дөңгелек үстелде қарастырылған мәселелер:

Дөңгелек үстелді алғы сөзбен  «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»  кафедрасының аға оқытушысы, тренер Г.Избасарова  бастады. Ол өз сөзінде, көптілділік жағдайында ағылшын тілін оқытуды қолданып жүрген мұғалімдердің жіберетін қателіктері жайлы қысқаша баяндама оқыды. Дөңгелек үстел барысында тыңдаушылар баяндама оқыды. «Көптілділік жағдайында ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбы аясында ой өрбіді. Дөңгелек үстел барысында мұғалімдер әдіс-тәсілдер мен әртүрлі ресурстарды тиімді қолдану және пайдалану жолдары  талқыланды. Пікір талас барысында мұғалімдер өз ойларын және ұсыныс пікірлерін жасады.

 

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасы