Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін дамытуда іскерлік ойындардың маңызы

2019 жылдың 22 сәуір 3 мамыр аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерінің қатысуымен «Мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесін жобалау» тақырыбында  біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курс  барысында  «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы Эльмира Тугелбаеваның ұйымдастыруымен   «Тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін дамытуда іскерлік ойындардың маңызы»  тақырыбында  шебер сынып  өткізілді.

Шебер сыныпты өткізудің мақсаты, топ тыңдаушыларының арасында  жағымды ой туғыза отырып, оларды мектепке дейінгі ұйым балаларымен  жұмыс жүргізу барысында кәсібилікке бағыттау. Шебер сынып барысында  топ тыңдаушылары  4 кезең бойынша жұмыс жүргізді. Алғашқы кезеңде тыңдаушылар сурет салу арқылы тақырыптың негізін ашып,  шеберліктерін көрсетті. Келесі кезеңдерде логикалық есептерді шешіп, табиғатқа байланысты берілген ырым–тыйым сөздерінің мағынасын сурет салу арқылы жеткізді. Қорытынды бөлімінде тілек шамын жағып, бүгінгі шебер сынып бойынша әр топ өздерінің пікірлерін ортаға салды.

          Қорыта келе, шебер сыныпқа қатысқан тыңдаушылар өздерінің балалармен жұмыс істеуде іскерлік ойындардың тиімді екендігін айта келе, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұжымы мен аға оқытушы Эльмира Тугелбаеваға жемісті жұмыстарына өз ризашылықтарын білдірді.

«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу » кафедрасы