Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Эссе байқауы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ПҚБА институты жалпы білім беретін мектептердің жаңартылған білім мазмұнымен жалпы білім беретін пән мұғалімдеріне үздік шығармашыл мұғалімді анықтау үшін «Жаңартылған білім беру мазмұны-білімділіктің негізі» тақырыбында облыстық сырттай эссе байқауын өткізетінін хабарлаймыз!

Мақсаты: Жаңартылған білім беру идеясын орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жүзеге асыру;

Өз тәжірибелеріндегі жеткен жетістіктерін шығармашылықпен жеткізе білу;

Жаңартылған білім мазмұнымен сабақ беретін пән мұғалімдерінің кәсіби мәртебесін көтеру.

  1. Байқауға ұсынылатын эсселердің бағалау талаптары

 

  • мазмұны Байқауға белгіленген тақырыпқа сәйкес келеді (10 ұпайға дейін)
  • тақырыптың толық ашылуы, жұмыстың мазмұндылығы (20 ұпайға дейін)
  • өзектілігі, әлеуметтік мәні (10 ұпайға дейін)
  • мазмұндалуының бірізділігі (10 ұпайға дейін)
  • нәтижелерін тұжырымдай және дәйектей алуы (10 ұпайға дейін)
  • емле ережесіне сәйкестігі (10 ұпайға дейін)
  • эсседе рәсімдеу талаптарының сақталуы (5 ұпайға дейін)

Ескерту: эсседе өзінің пікірін білдіруі құпталады. Байқауға ғаламтор желісінен алынған немесе оның түрі өзгертілген мәтіндерді ұсынуға тиым салынады.

 

  1. Эссені рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

  1. Эссе жазу көлемі 400-450 сөзден аспауы қажет.
  2. Эссе А4 пішінді MS Word, Times New Roman форматында жазылады, қарпі кегль -14.
  3. Әр жұмыс жеке файылда болуы қажет. Қатысушының Тегі, Есімі, Ауданы, Мектебі.
  4. Байқауға жолданған жұмыстар қайтарылмайды.

 

Жеңімпаздарды марапаттау

Жеңімпаздарды марапаттау төмендегіше жүргізіледі:

I орын – біреу, II орын – екеу, III орын – үшеу.

 

Өткізілетін орны мен мерзімі: 27 мамыр 2019 жылы институт базасында. Эссе материалдары төмендегі пошталарға жіберіледі:

Қазақ тілі-Zhanagul-2@mail.ru

Орыс тілі-  hasenkyzy_adem@mail.ru

Ағылшын тілі- guma_i.b@mail.ru