Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Жаңартылған білім беру негізінде, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

2019 жылы 08.04–03.05 аралығында «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті»» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы  Жетісай  ауданы, №20. Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі  базасында ұйымдастырылған курс тыңдаушыларына мамыр айының 2 жұлдызында «Жаңартылған білім беру негізінде, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру»  тақырыбында облыстық он-лайн  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді өткізу мақсаты:   Оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілінде шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру,  оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту.
Дөңгелек үстелде «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасы»   аға оқытушысы Р.П. Кабылбаева  және  № 7 «Тұран» мектеп -гимназиясының қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі Ұ.М.Алдамуратова баяндамалар жасады.

Тәжірибе алмасу кезеңінде  № 37 «Еңбек» ЖОМ мұғалімі    А.И Абуова,    Т.Рысқұлов атындағы  №20 жалпы орта мектебінің   мұғалімдері: А. Т.Айдарбекова, Н. Т. Ауданбаева, А.А.Кыдырбаева, № 43 «Қызыл таң» жом мұғалімі  А.Б.  Омирбекова қазақ тілі және  әдебиеті   пәні  бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарына тоқталып, тәжірибелерімен алмаса отырып, пікірталасқа белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.

 

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және

 тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасы»  

аға оқытушысы Р.П. Кабылбаева