Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Жас мұғалім. Жетістік формуласы» тақырыбындағы педагогикалық сессия

Тәуелсіз елдің білімді жастарының педагогикалық шеберліктерін арттыру, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдануға бағыттау және 2019 жылдағы «Өрлеу» БАҰО» ҚР жастар жылына арналған жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылы 8 мамыр  күні осы жылды «Жастар жылы» деп жариялануы және жоғары оқу орнының студенттерімен бірлесіп «Жас мұғалім. Жетістік формуласы»  тақырыбындағы  жас мұғалімдердің педагогикалық сессиясы  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ базасында өткізілді.

Бірлескен отырысқа ОҚМПУ мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ филология факультетінің студенттері, «Мектепке дейінгі тәрбие мен тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушылары қатысты.

Сессияны «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ПҚБАИ директорының инновациялық білім беру ісі жөніндегі орынбасары М.Ахтаев ашты. Өз сөзінде М.Ахтаев «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы – біз үшін қуантарлық жағдай», деп еліміздегі болып өткен маңызды жайларға тоқталды. Іс шара барысында кафедраның аға оқытушысы А.Бөкешова жас мамандардың қандай нормативтік  құжаттармен жұмыс жасауы туралы айтса, кафедраның аға оқытушысы Г.Мырзатаева жаңартылған бағдарлама мазмұнына тоқталып, оқу бағдарламасындағы пәндердің өзіндік ерекшеліктері мен оқу мақсатына жетуде қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігіне тоқталды. Қазіргі сабақ жоспарының өзі ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқамерзімді жоспар болып жасалатындығы және критериалды бағалаудың оқушы жетістігін шынайы бағалауға бағытталғандығын айтты. Сондай-ақ «Жаңартылған білім мазмұны дегенді қалай түсінесің?» тренингі жүргізілді.

Іс-шара барысында студенттермен белсенді жұмыстар жүргізіліп, клубтар, пікірлесу алаңдарын ұйымдастыру арқылы жастарға көп көңіл бөлінді. Бұл жылды елдегі жас буын өздерінің идеялары мен бастамаларын жүзеге асыруға, білім мен ғылымды дамытуға, бәсекеге қабілетті жаңа қоғам құруға ат салысуға арнайтындарын студенттер атап өтті.

Педагогикалық сессияны «Мектепке дейінгі тәрбие мен тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі Б.Айдарбек қорытындылады.

«Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру»

кафедрасының аға оқытушысы Л.Медетова