Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ХАБАРЛАНДЫРУ!

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПКБА институты музыка және бейнелеу өнері пәнінен ұлттық өнерді насихаттау,  үздік шығармашыл мұғалімді анықтау үшін  «Өрле, Қазақстан!» атты облыстық өнер байқауын   өткізетінін хабарлаймыз!

 Мақсаты:   Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша рухани жаңғыруды іске асыруда  музыка және бейнелеу өнері  пәні мұғалімдерінің   мәртебесін көтеру, ұлттық өнерді насихаттау,  озық іс-тәжірибелерді жинақтау.

Өткізілетін орны мен мерзімі:

2019 жылы 26 сәуір айында сағат 10.00-де институт мәжіліс залында өткізіледі.

Байқауды  ұйымдастырушылар:

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПКБАИ, «Мектепке дейінгі білім беру және тұлғаны  әлеуметтендіру» кафедрасы.

Байқауға қатысушылар:

Байқауға жалпы білім беретін мектептердің шығармашылық жұмыспен айналысатын өнерлі, тәжірибелі  музыка және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдері  қатыса алады (Бұрынғы облыс көлеміндегі байқауға қатысып  Бас жүлде, 1-ші, 2-ші, 3-ші орындар алған ұстаздар байқауға қатыстырылмайды).

Байқаудың шарттары:

Байқауға қатысушылар  2019  жылы сәуір айының 20 жұлдызына дейін  музыка пәні бойынша   жұмыс орнынан анықтама, шығармашылығы, білімділігі, оқушылар арқылы жеткен жетістіктері көрсетілген жеке портфолиосын, орындайтын патриоттық  әннің авторлары туралы анықтамасын, орындалатын патриоттық ән жазылған DVD немесе CD дискісін, қорғайтын шығармашылық жұмысы туралы суретте түсірілген ақпарат жіберуі тиіс. Өткізілген құжаттар, көшірмелер,  қорғалған жұмыстар  қайтарылмайды.

Байқауға қатысушы сахна мәдениетін сақтай отырып төменде көрсетілген талаптарды орындауы керек:

  1. Өзін-өзі таныстыру (5 минут),
  2. Жеке шығармашылық туындысын немесе басқа автордың патриоттық әнін қорғау, яғни орындалатын әндер жанды дауыста орындалуы тиіс. (5-7минут),

Байқауда патриоттық әндерді жанды дауыста орындауы, авторлық шығармашылығы ескеріліп, орындау шеберліктері бағаланып, әнді орындау, сүйемелдеу сапасына, сахна мәдениетіне, шығармашылығына, білімділігіне, оқушылар арқылы жеткен жетістіктеріне, жеке портфолиосының сапалылығына   мән беріледі.

Байқауға қатысушылардың барлық шығындары өздерінен немесе  жіберуші ұйым есебінен қарастырылады.

Барлық орындалатын тәрбиелік мәні зор патриоттық  әндер мен шығармашылық жұмыстар   Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес,   «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай  ұлттық құндылықтарымызды нығайтуға байланысты таңдалынуы тиіс. Авторлық шығармаларға аса мән беріліп, қосымша  ұпай беріледі

Марапаттау: Жеңімпаздар «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПКБА институтының дипломдарымен,  мадақтамаларымен  әр пән бойынша  марапатталады.

Бас жүлде-1,  I-ші орын  — 1,  II-ші орын – 2,  III-ші орын  — 3.

Ұсынылатын   номинациялар:

«Сегіз қырлы, бір сырлы», «Үздік сазгер», «Күміс көмей, жез таңдай әнші», «Шебер орындаушы», «Ізденімпаз мұғалім», «Шығармашыл-ұстаз», «Өнегелі  ұстаз», «Өнерлі ұстаз» атты  дипломдар мен марапаттаулар  беріледі.

Анықтама алу үшін:

Шымкент қаласы М.Х.Дулати  көшесі №201 үй.

Тел. 87013496799 Айдарбек Бәкіржан, 87053764541 Төкеев Бертай.

Эл. почта: bakirzhan-64@mail.ru, bertaitokeev@mail.ru.