Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тыңдаушы тұлғасын өзгерту

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ  жоспарына сай «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының  аға оқытушылары Танирбергенова А., Естемирова А. Шымкент қаласы №61 «Нұртас» бала-бақша әдіскері Ақышбаева Жанаттың ұйымдастыруымен  курс барысында «Заманауи көзқарас бойынша мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен өзара қарым-қатынасы» тақырыбында семинар өткізілді.

Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен өзара қарым-қатынасы, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тыңдаушы тұлғасын рухани-адамгершілік тұрғысынан өзгерту. Рухани-адамгершілік әлеуетін ашу, педагогикалық кадрлардың ұйымдастырушылық басқару мәдениетін жетілдіру, оларды шешудің нақты жолдарын табуға болатыны жөнінде әдістемелік көмек көрсетумен жалғасын тапты.

 «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушылары

Естемирова А., Танирбергенова А.