Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Сабақтағы зерттеу – ғылымға қызықтыру негізі

Жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын, олардың зерттеу дағдысын дамыту бойынша жинақталған тәжірибемен бөлісу педагог қауымы үшін өзекті болып қала бермек.  Осы мақсатпен 11-сәуір күні Түркістан облысы Сарыағаш ауданы №74 жалпы орта мектебінің базасында «Биология-химия сабақтарында оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамыту» тақырыбында  облыстық пән мұғалімдерінің форумы өткізілді.

Форумға аудандық білім бөлімі әдіскерлері мен облыс мектептерінен 80-ге жуық биология, химия мұғалімдері қатысты. Форум барысында  зерттеушілікке құрылған 10 ашық сабақтар берілді. Сабақтарда проблемалық оқыту, модельдеу әдісі, CLIL тәсілдері көрсетілді. Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған «Мектеп зертханасынан ғылымға жол» атты көрмеге 11 мектептің жұмысы қойылды. «Диалог алаңында» ғылыми жоба жұмыстары бойынша 12 баяндама тыңдалды.

Форум барысында әрбір бағыт бойынша мұғалімдерден кері байланыс алынып отырылды. Олардың пікірі бойынша педагогикалық тәжірибелерді насихаттау, жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасу жүзеге асқан нәтижелі бас қосу болды. Қорыта келгенде облыстық биология және химия пәндері мұғалімдерінің форумы мұғалімдер тарапынан жоғары бағасын алды.

Раймкулова Жанат Абдикалыковна 

  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ

аға оқытушысы