ХАБАРЛАНДЫРУ! «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы!

Құрметті әріптестер!
   Ұстаз өз ұлағаттылығы мен кәсібилігінің шыңын бағалау үшін қоғамда жан-жақты танымал болуы шарт. Сондықтан да «ӨРЛЕУ», Сізге шебер-педагог ретінде барынша өзіңізді танымал етіп, шығармашылық ойлауды, педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейін, зерттеу батылдығын көрсетуге және білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазіргі заманғы оқыту технологиялары мен әдістемесін қолдану тәжірибеңізбен бөлісуге мүмкіндік береді.
  Назар аударыңыздар! Біз жыл сайынғы дәстүрлі «ПЕДАГОГИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» атты бейне-сабақ және бейне-дәрістердің байқауы өткізілетіндігін хабарлаймыз. Республикалық деңгейдегі байқау барша мұғалімдерге қызықты да кең көлемді бағыттарды ұсынады.
   Бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында өтілетін байқау: мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары, қосымша білім берудегі заманауи технологиялар бойынша 22 бағыттарды қамтиды.
   Құрметті әріптестер!
   Сіздердің табысты жұмыстарыңыз бізді қуантады!
   Байқауға өзіңіз қатысыңыз және әріптесіңізді шақырыңыз. Бірлесе атқарған істерімізге    алдын ала рахмет!
   Толық ақпарат http://www.orleu-uko.kz филиал сайтында, www.facebook.com/pg/orleushymkent  бизнес-парақшасында жарияланған.
   Конкурсқа қатысу мәселесі бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ хабарласыңыз.  Байланыс телефондары: Садиков Бахыт 87012305859, Нарметова Дильдар 87758334234. Байқауға қатысу өтінімін bakit_74@bk.ru электрондық адресіне жолданады.
Баспасөз қызметі