Жаңартылған бағдарлама – жаңарған көзқарас және жаңа мұғалім

   «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ұйымдастырумен Мақтарал ауданы №119 жом базасында өткен «География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсында алғашқы күннен-ақ тренер Таскараева Калбиби Ахметовнаның жоғары деңгейдегі іскерлігінің арқасында жағымды, маңызды ортаны қалыптастыра отырып, «Ойлан – жұптас-бөліс» стартегиясын  практика жүзінде  шеберлі қолдану негізінде тыңдаушылар өздерін толғандырып жүрген:
-жаңартылған  бағдарламаның мазмұнының  концептуалды негізі мен құрылысының қағидалары туралы;
– жаңартылған  бағдарламаның ерекшеліктері жайлы;
-білім беру бағдарламасының негізгі мақсатын анықтауда;
-білім беруді ұйымдастыруда жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдердің мәні мен маңызы сияқты   сұрақтарға жауап алдық.
   Болашақта алдағы барлық қиындық туғызатын мәселелерге шешім табуға бағыт алдық.  Тренер  өз іс-тәжіребесінде тыңдаушыларға әріптестерінің жұмысын түсінуде және  бағалауда жағымды орта қалыптастыра отырып, практикалық  қолдануда тиімді оқыту жолдарын  көрсетті.
Ғазиза Алипова, Ботакөз Кабылова, №316 топ тыңдаушылары

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *