Облыстық форум

   «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес 2018 жылдың сәуір айының 11 жұлдызында «Химия және биология сабақтарында оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында облыстық форум өткізілді. Мақтарал ауданы, Н.Ондасынов атындағы жалпы орта мектеп базасында өткен форумға аудан, қала мектептерінен  әдіскерлер, 100-ден аса мұғалім қатысты.
Форумның мақсаты: Химия және биология пәндерінде  сабақта оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың білім беру саласындағы  перспективаларын қарастыру және қиындықтарын талдау.
Міндеттері:
  • Білім беруде химия және биология пәндері сабақтарында оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың оқыту процесіндегі жетістіктерін анықтау;
  • Оқыту мен оқудағы қиындықтарды шешуді ғылыми-әдістемелік қолдау;
  • Оқытуда оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың оқушының білім, біліктілігін дамытуға ықпал ететін тәсілдерін сараптау;
  • Мұғалімдердің өз тәжірибелеріндегі зерттеулерін, туындаған сауалдар, ой-пікірлерін әріптестері және тренерлер алдында талқылауы.

FB_IMG_1523556786916

   Форум жұмысының мазмұны келесі бағыттарды қамтыды: Пікірлесу алаңы: «Көзқарастар ағыны» бағыты бойынша  8 баяндама тыңдалып талқыланды. Мұғалімдер әр баяндаманы тыңдап болған соң сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қызу талқылаулар нәтижесінде Созақ ауданы, А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің  биология пәні мұғалімі Ботабекова Ақнұр «Биология сабақтарында оқушыларды сыни ойланта отырып, зерттеушілік қабілетін арттыру», Сарыағаш ауданы, №137 биология пәні мұғалімі Иманбаев Нұржанның  «Биология және химия сабақтарында оқушылардың  зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру», Шардара ауданы, Шардара лицей-мектебінің биология пәні мұғалімі Абдыкадырова Айгүлдің «Биология сабақтарында оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру» тақырыптарында ұсынылған баяндамалар құнды деп танылды. Баяндамашылар өз тәжірибесімен бөлісіп, нақты мысалдар келтірді, туындаған сұрақтарға жауаптар бере алды. Аудандық білім бөлімінің мадақтамасына ие болғандар:  Мақтарал ауданы, С.Торайғыров ЖОМ биология пәні мұғалімі Самалдикова Б., Мақтарал ауданы, Қайнар гимназиясы химия пәні мұғалімі Есімханова А., Мақтарал ауданы, №3 Ю.Гагарин ЖОМ химия пәні мұғалімі Шорабекова К., Мақтарал ауданы, Болашақ ЖОМ химия пәні мұғалімі Тумабаева Ж., Мақтарал ауданы, №91 Ы.Алтынсарин ЖОМ биология пәні мұғалімі Тутымова Б., Шардара ауданы, С. Каттабеков атындағы ЖОМ биология пәні мұғалімі Умарова Ф.

20180411_111958

   Шебер-сыныптар: «Бұл менің сабағым» бағыты бойынша ұсынылғаны шебер сыныпқа мұғалімдер қатыстырылып жүргізілді. Мақтарал ауданы, М.Ғабдуллин атындағы ЖОМ химия пәні мұғалімі Аширова Г., Мақтарал ауданы, Н. Оңдасынов  атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Шынтаева Г., Түркістан қаласы, №9 Некрасов лицейдің биология пәні мұғалімі Бижанова А., Созақ ауданы, Қ.Кемелұлы атындағы ЖОМ химия пәні мұғалімі Сатмаханова Б., Мақтарал ауданы, №52 Ә.Жангельдин атындағы ЖОМ химия пәні мұғалімі Жаркинбаева Г., Ордабасы ауданы, М.Исламкулов атындағы ЖОМ химия пәні мұғалімі Айдаркулова А., Мақтарал ауданы, Титов атындағы ЖОМ химия пәні мұғалімі Спарханова Н., Н.Ондасынов атындағы ЖОМ мұғалімдері Н.Байтелева, М.Мырзамуратова, Г.Тауекеловалардың кіріктірілген шебер сыныптары «Өрлеу» БАҰО АҚФ ПҚБАИ тарапынан мадақтамаға ие болды.
   «Зертханалық тәжірибе мен сарамандық жұмыс» тақырыбындағы көрмеге Мақтарал ауданының мектептерінен зертханалық жұмыстар ұсынылды: Н.Ондасынов атындағы ЖОМ ұсынған педагогикалық көрмесі, М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебі ұсынған «Ғажайып кристалл» зерттеушілік жұмысы сәтті шықты. Болашақ ЖОМ, №3 Ю.Гагарин атындағы ЖОМ,  №91 Ы. Алтынсарин атындағы ЖОМ,  Абылайхан атындағы ЖОМ, Г. Титов атындағы ЖОМ, Жангельдин атындағы ЖОМ, №3 Ю. Гагарин атындағы ЖО мектептердің оқушылары химияның кереметтерінен қызықты тәжірибелер көрсетті. Жүргізген тәжірибелері туралы оқушылар химиялық тілде түсіндіре білгені сәтті шықты.

FB_IMG_1523556762133

   «Химия және биология сабақтарында оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында жүргізілген облыстық  форумда төмендегі мәселелерге баса назар аударылды:
  • Облыстық форумда әріптестердің өзара бөліскен іс-тәжірибесіндегі орын алған жетістіктері мен сабақ беру барысында кездескен қиындықтар, оның шешу жолдары баяндама, шебер-сыныптар арқылы ұсынылып форумға қатысушылар тарапынан талқыланды.
  • Осы орайда облыс мектептерінде тақырыбына сай оқыту семинарларын өткізу ұсынылды.
  • Форумды қорытындылауда мұғалімдер іс-тәжірибесінен ұсынылған әдіс-тәсілдерді облыс көлеміндегі химия-биология пән мұғалімдерінің  өз сабақтарына қолдануы назарға  алынуы ұсынылды.
  • Форумда ұсынылған баяндамалар, шебер-сыныптар  іріктеліп, әдістемелік нұсқаулыққа енгізілуі ұсынылды.
Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми
(гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» аға оқытушы Р.М.Жуманова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *