Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі

   2018 жылдың 2 сәуірінен бастап Кентау қаласы №1 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия базасында «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы» жүргізілуде. Курс тыңдаушыларына тренер, жоғары білікті ұстаз Салтанат Оразханқызы Жолшыбекова жаңа білім беру бағдарламалары негізінде мұғалімдерге пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының іске асыруын қамтамасыз етіп, сапалы дәріс беруде. Қаланың мектептерінен жиналған мұғалімдер жоғары белсенділікпен, ұйымдастырушылық іс-әрекетпен білім алуда.

20180409_150003

   Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Біздің мақсатымыз – айқын, бағытымыз белгілі деп анықтаған басымдықтардың бірі – білімнің салтанат құруы делінген. Жаңартылған білім беру бағдарламасы – жаңа нәтижелі көкжиектерге бастайтын серпіліс екендігін таныған дәріс тыңдаушылар басым бағытты  өз білімдеріне арқау етуде.
   Курс барысында «Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі» тақырыбында дөңгелек үстел, пікірлесулер өткізілді. Білікті тренер рухани жаңғыруды ауыз әдебиеті үлгілерімен тығыз байланыстыра отырып, «Ақсақ құлан» күйін көпшілікке тыңдатып, мұндағы жағдаяттардың оңтайлы шешімін табуды тыңдаушылар назарына  ұсынды. Осы мақсатта күйдің құдіреттілігін түрлі түске ендіру арқылы тыңдаушылар өзіндік тың ой-пікірлерімен бөлісіп, қазіргі өмірмен байланысын  нақты деректермен жеткізді. Сонымен қатар, бірнеше жаңа стратегиялық әдіс-тәсілдерді негізге алып, осы бағытта қалай тапсырма беруге болатынын, жағдаяттарға байланысты сұрақтарды ойластыру мен бағытталған сұраққа  жауап беру мәселелері курс тыңдаушылары  арасында талқыланды, кері байланыстар арқылы талдау жұмыстары жасалды. Ұлттық құндылықтарға бағытталған пікірлер алмасып, құндылықтар ұғымының тереңдігі «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басым  бағытында атап көрсетілгендігі дәлелденді.

20180409_142509

   Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі, нәтижеге бағытталған бағдар.  Дәріс тыңдаушыларына оқушыларға заманауи жаңаша  білім беру күтілетін нәтижеге бастар серпіліс екендігін топ тренері Салтанат Оразханқызы жаңашыл әдіс-тәсілдермен үйретуде. Курс тыңдаушылары жаңа заман терминдері мен жаңашыл тәсілдерді меңгеруде және заман талабын орындауда.
Курс тыңдаушылары: Қ.Ә.Қансейтова, 
Г.Н.Сейілбекова, Н.А.Мұхтарова

                                                  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *