Орта білімнің жаңару жағдайындағы рухани жаңғырудың маңыздылығы

   Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінде  еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанын, саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алынғанын атап көрсетті. 
   Білімнің салтанат құруы бөлімінде: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»-деп Елбасы  анық жеткізген.
   Осы мақсатта, 2018 жылдың 9 сәуірі мен 20 сәуір аралығында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  ОҚО  бойынша ПҚБАИ-да «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы болып өтті.

WhatsApp Image 2018-04-12 at 16.22.30

   Бағдарламаға сәйкес курстың мақсаты: Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша оқытушы-ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру болып табылады.
   Курсты «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ-дың «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушылары Токеев Б.Е., Байназарова Б.Б., Бөкешова А.Қ.  жүргізді.  Курсқа Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары мен қалаларынан 29 мұғалім қатысты. Арнайы тәжірибелік сабақтар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  оқу залы мен әскери алаңында  майор М.Мулкибаевтың басқаруымен  өтілді. Мұғалімдер педагогикалық әдіс-тәсілдер аясында өзара тәжірибе алмасты.

WhatsApp Image 2018-04-12 at 16.22.26

   Курс барысында мұғалімдер оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымына назар аудара отырып, ерекшеліктерді атап өтті. Критериалды бағалау жүйесі бойынша түсінік алып, қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын даярлап, нәтижеге жетудің қадамдарын құрды. Нормативті құжаттармен танысты.
  Төлеби ауданы,  Қ.Мамытов  атындағы жом, 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»
 пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы
 Медеуов Сапаргали Тулендиұлы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *