Біліктілік арттыру курсының маңыздылығы

1

   Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдресінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуіне байланысты 2018 жылдың 26 наурызы мен 20 сәуірі аралығында Сайрам ауданы № 17 жалпы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы өтіп жатыр.

   Тренер Рахима Дауылбаева – курс барысында орыс тілін екінші тіл ретінде жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер, педагогикалық әдіс-тәсілдер, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды, түрлі тиімді оқытудың стратегияларымен таныстыруда.
   Курстың практикалық бағыты өте ұнады; әсіресе жан-жақты сұрақтарымызға жауап алуда көмектескен тренерімізге алғысымыз шексіз.

Курс тыңдаушысы: Эменкулова Наргиза,

Сайрам ауданы, №65 А.Музрапов атындағы жом мұғалімі