Жаңартылған бағдарламаға жаңаша көзқарас

   Қазақстан Республикасының білім беру реформасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Себебі, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесінің сапасын жетілдіру ең өзекті мәселенің бірі болғаны белгілі.
   Осыған орай, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 2018 жылға бекітілген курстарының жоспары негізінде 2018 жылдың 2-27 сәуірі аралығында  «ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілді  емес мектептердегі  «Қазақ тілі мен  әдебиеті» пәні  бойынша Шымкент  қаласы  №129 жалпы орта мектеп базасында өткізіліп жатыр.

IMG-20180410-WA0034

   11 сәуірде жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес, «Түсіну дағдылары мен әдіс-тәсілдері. Оқылым дағдысы»  тақырыбында тренинг сабағы өтті.
   Тренинг мақсаты: оқылым дағдыларын дамытуға көмектесетін белсенді оқылым тәсілдерімен танысу. Белсенді оқылымның оқылған материалды түсіну дағдысына әсерін анықтау. Оқылым дағдысының жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде қолдану және олардың тиімділігін бағалау. Материалды түсінуді жақсарту мақсатында белсенді оқылым әдістерін пайдалана білу.  Бұл сабақ барысында  талқыланған «Қабырғадағы рөл», «Ыстық орындық» атты әдіс-тәсілдер мен сұрақтарды пайдалануда  қайта қарауға мүмкіндік берді. Оқушыларды нақтылауды немесе талқылауды қажет ететін сәттерді айқындауға ынталандырды. Аталған әдіс-тәсілдер баланың өмірдегі кез-келген қиындықтарды жеңуі мен тығырықтан шығатын жолды білуіне бейімдейді.

Тренер  Кабылбаева Р.П.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *