Рухани-жаңғыру: кітапханалық-ақпараттық кеңістікті қалыптастыру

   06.04.2018 жылы Шымкент қалалық орталық  балалар кітапханасы өткізген «Рухани-жаңғыру: кітапханалық-ақпараттық кеңістікті қалыптастыру» атты зерделі кеңеске институттың кітапхана меңгерушісі Сеитказиева З.С. қатысып, «Рухани жаңғыру аясындағы кәсіби шеберлікті шыңдау жолдары» тақырыбында баяндама оқыды.
   Зерделі кеңеске Шымкент қаласындағы балалар кітапханаларының, сонымен бірге № 60, 65, 50, 52 жом, №2 Дарын, №1 ер балалар лицей-интернаты, ОҚО педагогикалық колледжі кітапханаларының кітапханашылары қатысты.  

IMG-20180406-WA0103

   Іс-шара барысында «Тәрбие және білім» кіші бағдараламасының «Кітап- білім бұлағы» базалық бағыты аясында атқарылып жатқан істер мен  жоспарланған шаралар кеңінен талқыланды.  Қатысушылар арасында Облыстық «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесінің және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен облыс мектептері кітапханаларында ұйымдастырылған «Лидер Reader ON»  кешенді іс-шарасы үлкен қызығушылық тудырды.  Облыстағы 1036 мектепте арнайы тақтайша орнатылып, әр айдың қорытындысы бойынша кітап оқыған үздік 13 468 оқушылардың суреттері тақтаға орнатылады. Осы секілді, «Тоқсанның 13 үздігі»,   «Жылдың 13 үздігі»   іріктеледі. Шара аясында «Сүйікті кітабыммен селфи», «Ата-анаңа кітап оқып отырған суретіңді жолда», «Балалар өлең оқиды»  және де басқа сол сынды жанрдағы суреттер onruh.кz сайтында жарияланады. Шара ерекшелігі: «Лидер Reader ON»  кешенді іс- шарасына  іріктеу  республикадағы облыстың  реттік белгісі «13»-ке сәйкестендірілген.
   Шара соңында № 60 мектеп оқушылары «Рухани жаңғыру –болашаққа бағдар» атты концерттік бағдарламасын көпшілікке  тарту етті.
                                                         Сеитказиева З.С.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *